МАЛ ЕКЕШ МАЛ ДА ӨЗ ТІЛІНДЕ ӨМІР СҮРЕДІ. Орыстілді ата-аналар, балаларыңның обалына қалмаңдар. Қазір аттап бассаң, орыс тілінде сайраған қазақтар. Қоғамды, мем.қызмет орындары түгілі уатсаптағы сынып топтарында, бала бақшаға барсаң да. Көбінесе, әке-шешелері терістік көршінің тілінде бытпырықтап жатады. Солардың басым бөлігі әйелдер қауымында (кешірерсіздер). Бала тәрбиелеп отырған барша қазақ әйелдерін Қазақ тілінде сөйлететін заң қабылдайтын күн туса ғой. Өйткені, әр баланың кейін қандай адам болып қалыптасуы аналарына байланысты. Ұл-қызы бар жігіттер, Кез келген жерде балалардың Қазақ тілінде сөйлеп, оқып-үйренуін қадағалайық! Отбасында тастай тәртіп орнату біздің міндет. Өмірде перзенттер тарапынан болып жатқан барлық бақытсыздық – сол орыс тілінде тәрбие алудан ба деп ойлаймын. Қартайған ата-анасын қарттар үйіне апару немесе қараусыз тастау, өз ұлтының тарихтан қалыптасқан дәстүрі мен мәдениетін жек көру, Туған ел қадірін білмеу, ақша үшін отанын сатуға дайын тұру... санай берсеңіз түбіне жете алмайсыз. Ата тіліміздің, ұлы дәстүрлеріміздің босағада қалуына өзіміз кінәліміз, Қазақтар! Ұларбек Дәлейұлы.

Теги других блогов: тәрбие Қазақ тілі әйелдер қауымы