Туған жер сатылмайды. Күн шығады жарқырап жер бетіне , Шуақ шашып туған жер келбетіне , Қарасамда қаншама көзім тоймас , Кең далама сағымды тербетілген . Туған жер, Отан-ана мен баламын , Қазақпын көп емеспін азғанамын , Жомартпын қандасыма, жауласма, Азаттық жарқын өмір салған əнім . Мен қазақпын ақ-жүрек аңқылдаған , Солай етіп жаратқан хаһ — Тағалам, Жақсылықты паш етіп өзге елдерге , Жамандығын солардың жаттап алам Жерге баймын жазира жерім байтақ , Тұяқ тозып жете — алмас құсың самғап, Кеңдігі сондай менің жер-анамның , Бес бірдей Франция сиар бойлап . Туған жерді сатпақпа оян ұлтым , "Бас басына би болған өңшең қиқым,, Жүр емеспе талай ұлт отаны жоқ , Бодан болып жауына көріп қуғын . Жалға алса жеріңді ашкөз көршің , Бауыр басып алғансоң қайдан берсін , Алдарқатар көнбесең күш көрсетер , Тұтандырар сылтаумен соғыс өртін . Сатуға құмартқандар қазақ жерін , Тілеп жүрме ұлтыма көрсіз өлім , Жер бесігім емеспе бұл фəниде , Бақилықта емеспе көр бесігім . Түсінбеймін қазақта өші барма? Билік , байлық бəріде осыларда , "Іштен шыққан жау-жаман,,деген екен, Досы барма қазақтың досы барма ? Қайран менің қазағым дара елім , Қор болама жазылған сендеп сөзім , Бірлік керек ынтымақ — ырыс бізге , Жұдырық-боп жұмылар осы кезің . Сатылмасын туған жер бір пұшпағы, Жер елімнің байлығы ырыс - бағы , Болашаққа аманат - ету парыз , Қазақстан қазақтың Гүлстаны . Əркім егер ойласа қара басын , Адасасың қазағым адасасың , Қытайша бақа-шаян қорек етіп , Өз - ара ит жемеске таласасың . Көрдік қой бодан болып сар-сақалға, Аштан қырды, атты тізіп бір қатарға, Орыстан тəлім алған шен-шекпенді , Қазақты қақсатпаса оқсатама . Қарамайды жат саған ел - еді - деп , Бодан болған əр-кезде азап көрмек , Мың өліп мың тірілген өр қазағым , Жері кетсе ғаламнан мəңгі өлмек . Жоқ-дей бер əз ұлтыма өсіп-өнбек . автор: Жарас Тұрысбеков.

Теги других блогов: қазақ өмір жер