ҚОЯ ТҰРҒЫН ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ОТЫЗ БІРІН Желтоқсанда ерлік қылған жас батырлар, Есінде жүрер мәңгі саналының. Біз үшін мейрам қәзір 16-сы, Сол жылдары орын алса қаралы күн. 1986-шы жыл, Бұл жайлы азда болсын білесіңбе? Алматыда қазақтың жастарының, Шыққан кезі ұлты үшін күресуге. Наразылық білдіріп КСРО-ның, "Әміршіл-әкімшіл" жүйесіне. Алған беттен қайтпаймыз деп аға-әпкелер, Азаттыққа ұмтылған тату бәрі. Ызғарғада қарамастан шыққан еді, Алаңына Брежневтің атындағы. Бабалардың қайсарлық мінезіндей, Қолынан намысын , ол бермеген. Жан ашырлық құрбаны болған сол кез, Ағамыз Сыпатаев Ербол деген. Білім алып жүрген шағы , Студенті боп Алматы қаласының. Бас сүйегін жарақаттап қанішерлер, Жалғыз ұл ед ,үйндегі анасының. 23-ші желтоқсанда көзін жұмған, "Айналайын құлыным" деп Жоқтаған ед жоқтығын баласының. Орыстың қатігездік әрекеті, Айырмаппең анадан бар асылын. Кім жазар мәңгі қалған жүрегінде, Ананың қанжылаған жарасының? Әр ақпарат көзіңе жас келтірер, Қалай ғана бұл ерлікті мен айтпайын? Нағыз батыр деуге келер үлгі тұтар, Ағамыз Рысқұлбеков Қайраттайын. Жазықсыздан қырған қазақ жастарын, Алла берер ақиқаттың жазасын. Совецкийді өлтірдің деп Қайратқа, Жапқанменен айдан алып жаласын. Ерлік қылып азаттыққа ұмтылғандар, Сол , желтоқсанның ызғарында. Ерлікті тек ер істейді демек емес, Алаңға шыққан қазақ қыздарымда. Қалар екен жүрегіңде титтей болсын, Ерлігі батыр қыздың сызаттайын. Оқиғасын оқығанда жыладым рас, 16-ақ жыл өмір сүрген Ләзаттайын. Студент ед Чайковскийде жаңа түскен, Атақты қобызшыда болармеді?( Қыршыннан қиылмай аман болса, осы күнде 47-ге толармеді?( Орыстар сондай айуан болмағанда, Қанша жастың бақыт гүлі солармеді?( "Бота көзің,боташым" деп анасыда, Жоқтау айтып артынан қалармеді?( Тәуелді ел бесігінде жаталмаған, Қайнап тұрған намыстарын басалмаған. Осындайын жүздеген батырларым, Қаншасы бар аттары аталмаған. Тәуелсіздік оңайлықпен келген емес, Шынай сезініп түсінгенге. Әр қыршынның өмірін ойлап кейде, Елестетіп бейнелерін күрсінгемде. Осындайын аға-әпкеге дұға қылып, Артық етпес өткізген отыз күнің. Тәуелсіздік мерекесі өтпи жатып, Қоя тұрғын желтоқсанның отыз бірін Нурлыбекулы Ерболат.